0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ- САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ -БАСТЫ МІНДЕТ

Шымкент қаласының аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энзоотиялық аурулардың алдын алу, зиянкес жәндіктер мен басқа да қауіпті буынаяқтыларды жою мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік – жануарлардың саулығы, жануарлардан алы-натын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санита­ риялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақ­ стан Республикасының ветеринария саласын­.
Атап айтқанда, жоспарға сәйкес энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жылына 2 рет көктем және күз айларында жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл жалпы 152 мыңнан аса ауыл шаруашылығы жануарларын бүрку, тоғыту,жоспарланса, 2,3 млн ш.м. қора-жайлар; және 2 млн аса ш.м. саябақтар мен гүлзарлар залалсыздандыру жұмыстары қарастырылған.
Дегенмен, жоспар бойынша жұмыстар сәуір айының бірінші онкүндігінде басталу керек еді, алайда ауа райының жаңбырлы болуына байланысты сәуір айының 17 күні басталды. Бірақ жоспарға сайкес, жұмыстар маусым айында толық аяқталатын болады.
Бүгінгі таңда қауіпті жағдайларды болдырмау мақсатында, іс-шараға қажетті ветеринариялық препараттар толық жеткізіліп залалсыздандыру жұмыстарына бүркуіш аппараты орнатылған автокөліктер, сонымен қатар тиісті ранц аппараттары бар 6 бригаданы жұмылдырылды. Бүгінгі таңда 1,7 млн аса ш.м — қора-жайлар залалсыздандырылып, 120 мыңға жуық — Ірі қара және уақ малдарды бүрку, тоғыту жұмыстары атқарылды. Алдағы аптада саябақтарды залалсыздандыруға жұмыстары жүрмек.
Айта кетерлігі, залалсыздандыру жұмыстары, тек малы бар үйлерге және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған қораларға бюджет есебінен жүргізіледі. Ал, басқа да жеке және заңды тұлғалар, Денсаулық сақтау Кодексінің 107 бабының 1 тармақшасы сәйкес аталған жұмыстарды өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті

Ұқсас ақпараттар

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

«ШЫМКЕНТ МАРАФОНЫ» БҰҚАРАЛЫҚ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС КҮНІН ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАУДАН БАСТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру