7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА НАУҚАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Шымкент қаласындағы барлық медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі жұмыс істейді. Егер азаматтың тиісті медициналық көрсеткіштері бола тұра жолдама ала алмаса және оған медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, қаралатын медициналық ұйымдағы «Пациенттерді қолдау және ішкі аудит» қызметіне шағымдануына болады. Қызметтің басты міндеті — халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімдігін қамтамасыз ету және пациенттерден түскен шағымдарды «осында және қазір» қағидаты бойынша шұғыл түрде шешуге негізделген.

Науқастың арыз-шағымы емхана деңгейінде дұрыс қарастырылмаған жағдайда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалына 8-7252-99-76-85 байланыс нөмірі арқылы шағым қалдыруға болады. «Қоғамды ұйыстыру, ұлт­тық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын жә­не мәдени әлеуетін тиімді пай­далануға баса мән беріледі.    Бұл орайда Қазақстанның мүм­кіндіктері зор, соның ішінде өзін халықаралық аренада тиімді таныта алады. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты саясатымызды қайта қарау қажет. Қазір мемлекет бюджет қаржысын оңды-солды иелене беретін белгілі бір қайраткерлердің ғана жобаларын қаржыландырып отыр», деді Президент Қ.Тоқаев.

Тұрғындар сондай-ақ медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына қатысты өтініштерін «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасы арқылы да жолдай алады. Әлеуметтік сақтандыру Қорының мамандары медициналық ұйымға хабарласып, ақпаратты анықтайды және медициналық көмек көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

Бұдан бөлек, медициналық қызмет алу барысында қосымша сұрақтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласып кеңес алуға болады және Telegram-дағы Saqtandyru-bot немесе fms.kz ресми сайтында да өтініш-шағымдар қабылданады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ- БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ

smarttop

Әйелдердің құқығын қорғау тобының полицейі, көп балалы ана — Айжан Әділбекқызы

smarttop

АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КОММУНАЛДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТӨЛЕНЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру