16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша жалпы криминогендік ахуал тұрақты. Жыл басынан бері қала аумағында тіркелген қылмыстар саны 36,3 пайызға азайған. Бұл туралы толығырақ жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлықбек Мылтықов баспасөз брифингінде мәлімдеді.
– Қоғамдық орында жасалған қылмыстар – 55,8 пайызға, көшеде – 56,5, мас халде жасалған қылмыс – 2,6 пайызға, отбасылық-тұрмыстық қылмыстар – 42,9, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 45,2 пайызға төмендеген. Жалпы, қылмыстың алдын алу және болдырмау, жол-көлік оқиғаларының жолын кесуде бейнебақылау камералары тиімділігін көрсетуде. Қаламызда мекенжай бағдарламасына сәйкес, 3868 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 3177-і – «Сергек» камералары. Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыстар атқару нәтижесінде, қаламызда 12 855 бейнебақылау камерасы Жедел басқару орталығына интеграцияланған, – деді Ұ.Мылтықов.
Бейнебақылау камераларының 3446-сы білім орталықтарында, «Қауіпсіз қала» қағидаты бойынша «Қазактелеком» акционерлік қоғамы тарапынан 2460-ы бұлтты бақылау (облачное наблюдение) үшін орнатылса, 1851-і темір жол, жер асты өткелдерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, үй аулалары мен базар аумақтарында орнатылған.Облыста құқықтық тәртіпті нығайту бойынша тиімді және жоспарлы жұмыс үнемң жүргізілуде.

Жалпы профилактика шеңберінде жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде, сондай-ақ көшелердегі жедел жағдайға күн сайын жүргізілетін талдауды ескере отырып, неғұрлым криминогенді орындарда көше қылмыстарын тұрақтандыру бойынша жергілікті пысықтау жүргізілуде.

Келіп түскен хабарламаларға ден қою деңгейін арттыру мақсатында «тонау», «бұзақылық» және «жаппай төбелес» сияқты көшелерге тән қылмыстар бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізуліде, бұл өз кезегінде қылмыстың осы түрлерін ашуға оң әсер етеді.

Автожолдардың авариялық-қауіпті учаскелерінде патрульдік полиция полкінің және ПД басқа да мүдделі қызметтерінің қызметкерлерінен мобильді экипаждың қызмет өткеруі қосымша ұйымдастырылды.

Айта кетейік, мекенжай бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін қылмыстық қауіптілігі жоғары 3000 аумаққа бейнебақылау камерасын орнату көзделуде. Қазіргі таңда бейнебақылау камерасын орнатуға тұрғындардан 400-ге жуық өтініш келіп түскен.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

«ШЫРҚАЛ ӘН, ТӨГІЛ ДАУЫС» ТУРНЕСІ ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

smarttop

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру