0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОСПАРЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында қоғамдық кеңес пен құқықтық органдар арасындағы меморандум аясында өткізілетін іс-шара жоспарлары талқыға түсті. Қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Жанар Бектаева бірлескен келісім бойынша атқарылар жұмыстардың маңызы зор екенін мәлімдеді.
Қала әкімдігі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының прокуратурасы арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын нығайту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен дүниетанымды қалыптастыру мақсатында меморандум қабылданған еді.
Қоғамдық кеңес отырысында меморандумға сәйкес, іс-шаралар жоспары талқыланып, алдағы жұмыс жоспарлары сараланды. Құқықтық органдар тарапынан бірқатар ұсыныстар берілді.
– Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен үздіксіз күресуді тапсырып отыр. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта жүргізілетін жұмыстар аясында нақты іс-шаралар бекітіліп, ұсыныстар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Меморандум аясында іс-шара жоспарын бекітіп, ұсыныстарды қабылдадық. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, азаматтарды осы іске жұмылдырудың маңызы зор. Партияның қалалық филиалы қоғамдық сараптама жасап, көптеген мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Алда құзырлы мекемелердің жұмыстарына көмектесеміз, – деді Ж.Бектаева.
Сондай-ақ, жиында құқықтық орган өкілдері меморандум аясында белсене жұмыс істеуге дайын екендіктерін, алда тағы да ұсыныстарын жолдайтынын атап өтті.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӨНІНДЕГІ «ПАРЫЗ-2023″КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «АУЫЛ АМАНАТЫМЕН» ТАБЫС ТАБА БАСТАҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

«АРЫС МТ» — ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру