6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛЫ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН ЖЫЛЫНА 10-12 МИЛЛИОН ЖОЛАУШЫҒА ДЕЙІН ҰЛҒАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша 450 шақырым жолдарды таңбалау жұмыстары, 85 000 м2 шұңқырларды жамау, тегістеу қабаттарын салу, тротуарларда пайда болған ақауларды жою жұмыстары 296 бағдаршам нысанын, 16 500 дана жол белгілерін күтіп ұстау, 16 дана жаңа бағдаршам орнату, 4000 дана жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылы 800 метр жасанды жол кедергілер орнатылған.
Жол қиылыстары мен көлік өткізу қабілетін арттыру мақсатында жыл соңына дейін 190 бағдаршам нысанында интеллектуалды көлік жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоспар бойынша 2026 жылға қарай қаладағы барлық бағдаршамдар толық интеллектуалды көлік жүйесі ITS-ке қосылады.
Жаңа әуежай терминалының құрылысы «ЅСАТ» АҚ инвестициялары есебінен іске асырылуда. Терминалды іске қосу жолаушылар ағынын сағатына 200-ден 2000-ға арттырып, ал өткізу қабілетін жылына 10-12 миллион жолаушыға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ терминалдың ішін 7 аймаққа бөлу арқылы жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Әкімнің айтуынша, жолаушылар тасымалының деңгейін арттыру мақсатында, қаладағы автобустар паркін соңғы 5 жылда 35 пайыздан 9пайызға дейін жаңартып, шалғайда орналасқан елді мекендер толығымен автобуспен қамтылған.

Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа әуежай терминалын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жаңа жолаушылар терминалы келесі мүмкіндіктерге жол ашады:
– 2000-нан астам жұмыс орнын құру;
– Халықаралық бағыттардағы маршруттық желілерді дамыту;
– Шетелдік әуе тасымалдаушылар мен инвестицияларды тарту;
– Әуе жүк тасымалын дамыту;
– Туристік сервисті дамыту үшін тартымды имидж жасау.
Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ- БОЛАШАҚТЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАУ

smarttop

АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНДЕ 4 БАҒЫТҚА АВТОБУСТАР ҚАТЫНАУДА

smarttop

МИРАС, ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫНАУДАНДАРЫНА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ТАРТЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру