12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖАС БУЫНҒА ЖҮКТЕЛЕТІН МІНДЕТ КӨП

ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Шымкенттің белсенді жастарымен кездесіп, әділетті Қазақстан жайында еркін әңгіме құрды. Реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер жөнінде айтты. Ол өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды.

Оның айтуынша, жастар – қашанда асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады.«Шаһар жастары арасында жұмыссыздық мәселесін шешу күн тәртібінде тұр. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау жолында рухани іс-шаралар легін көбейту басты назарда. Сондай-ақ ана тіліміздің мәртебесін көтеріп, абыройын асыру үшін оның қадірін қаршадай жастарға жіті түсіндіріп, жүрегіне жеткізу жолында қызмет қыла бермекшіміз», деп түйіндеді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер», – деген сөзінде жастарымызға деген үміт пен сенім жатыр. Сондықтан да, жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған.
– Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда жастардың білім саласындағы әлеуетін іске асыруға және қызметте өсуіне қажетті жағдай жасалып отыр. Жас буынды баспанамен қамту мәселесі де басты назарда. Өздеріңізге белгілі, биылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстан идеясымен тығыз байланысты және дұрыс құндылықтар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымын жариялады. Бұл қағидаттар, ең алдымен, жастардың бойынан табылуы керек. Сондай-ақ, еліміздің жастары бәсекеге қабілетті, білімді, санасы ашық болуы керек. Сондықтан тәрбие беруде ата-анамен қатар, мектептің білім сапасымен қатар әлеуеті зор болуы үшін жұмыс істелініуі керек, – деді Мәулен Сағатханұлы.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 15 МЫҢҒА ЖУЫҚ БЮДЖЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ КӨБЕЙДІ

smarttop

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады

smarttop

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

Пікір қалдыру