7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНДА 8 ШАҚЫРЫМ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

🔷 Қазіргі уақытта аудан аумағында 8 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынуда.
Осыған дейін 18 көшеде құрылыс жұмыстары басталды, оның ішінде 13 көшеде жаяу жүргіншілер жолы толық салынды.
Олар: Тайманов, Байтулы баба, Дермене, еңбекші, Сымбатты, Үміт, Сарсенбаев, Бектаев, Тәжібай ата,Мөңке би, Жандосов, Татулық және Октябрьская көшелері.

Дегенмен Тұранда қазіргі таңда шешілуі тиіс проблемалар қатарына суғару жүйесі, ауыз су және абаттандыру мәселелері кіреді. Аудан әкімінің айтуынша, олардың басым бөлігі жыл соңына дейін шешімін табады. Сондай ақ, шенеунік «Көмешбұлақ» базары маңындағы стихиялық сауда жөнінде де айта кетті.

«Көмешбұлақ» базары маңындағы стихиялық сауда өзекті мәселе күйінде қалып отыр. Салдарынан мұнда антисанитарлық жағдай орын алып, қоқыс жиналған. Салдарынан тәртіп те, тазалық та жоқ. Белгіленбеген жерлерде сауда жасағаны үшін жүргізіліп жатқан рейдтер мен салынып жатқан айыппұлдар мәселені түбегейлі шешпейді. Алайда антисанитарлық жағдай көптеген тұтынушыларды алаңдатпайтын көрінеді. Олар ашық орындардан тауар сатып алуды әлі де жалғастыруда. Тұран ауданының басшылығы базарлардың айналасы мен сауда орындарының өзі де стандарттарға сай болуы керек екенін алға тартты. Бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5 % сапалы ауыз сумен қамтылып, 2026 жылы бұл көрсеткішті 100 % жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, аудан аумағы 85,7 % табиғи газбен қамтылса, электр қуатымен 95,2 % қамтылған. 2025 жылы Тұран ауданын 100 % сапалы электр қуатымен қамту жоспарланып, бір қатар жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ауданның кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1 % құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы 60,2 % — ға жеткізу көзделіп отыр. 2024 жылы Тұран ауданына қарасты 39 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекені – 4 көше, Арғымақ елді мекені – 4 көше, Ақжар елді мекені – 4 көше, Агро фирма қарасу – 11 көше, Құрсай елді мекені – 12 көше, Наурыз ш/а – 4 көше. Нәтижесінде асфальттанған көшелердің үлесі 80,2% -дан 83,4 % жететін болады.

🔷 Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс, Исаханов, Интернациональная, Бәйдібек би және Жаркент көшелеріне де жаяу жүргіншілер жолы салынып, пайдалануға берілетін болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ — АШЫҚ ДИАЛОГ

smarttop

ГЛАВА ГОСУДАРСТВА СОВЕРШИЛ ОБЛЕТ ПОДТОПЛЕННЫХ ТЕРРИТОРИЙ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

smarttop

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ҚҰРСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫ АУЫЗСУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру