13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ» ЖАҢА ЗАҢНЫҢ ЗАМАН ТАЛАБЫНА СӘЙКЕСТІГІ» ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» жаңа заңға қол қойды. Бұл Заң Мемлекет басшысының «2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұраныстарын және медиа саласының даму үрдістерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау туралы берген тапсырмасына әзірленген болатын.

Соңғы жылдары дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп, жаңа медиа түсінігі қалыптасты. Қолданыстағы ұлттық заңнамада кездесетін «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылды. Оған енді тек бұқаралық ақпарат құралдары ғана емес, сонымен бірге интернет-басылымдар мен интернет ресурстары, олардың әлеуметтік желідегі парақшалары да кіреді. Демек,бұл заңның қамтитын ауқымы кең болады және бұдан былай әлеуметтік желілер де қадағалауда болуы мүмкін.
«Масс-медиа туралы» жаңа Заңның заман талабына сәйкестігі» атты дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа Заңға енгізілген журналистердің мәртебесін көтеру, мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру тетіктерін реформалау, өзін өзі реттеу институттарын дамыту, журналистердің ақпаратқа қол жетімділігі туралы заңдағы түзетулер төңірегінде өз ойларын ортаға салды.
Осыған орай бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Масс-медиа туралы» жаңа Заңның заман талабына сәйкестігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласындағы белгілі, белсенді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» жанынан құрылған сарапшылар кеңесінің өкілдері қатысты.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

Біржан Жақыпов, әлем чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері:

smarttop

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА БӨЛІМДЕРІ ЖАЛПЫ 7775 АДАМҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру