9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖУРНАЛИСТІҢ КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ НОРМА ЕНГІЗІЛДІ

«Масс-медиа туралы» жаңа Заңда журналистердің қауіпсіздігі мәселесі, БАҚ-қа қойылған талап-арыздың ескіру мерзімін 1 жылға дейін қысқарту, енді БАҚ-тың өзін өзі реттеу мәселелері бойынша қоғамдық кәсіби кеңестер құру, БАҚ-ты қаржыландырудың екі тәсілі, атап айтқанда мемлекеттік тапсырыс және гранттар берілетіндігі, БАҚ сұрауларын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғаны журналистердің көңілінен шықты.
Сондай-ақ, мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына отандық контентті дамыту, гранттық қаржыландыру жағы шешілетін болды. Бұл бәсекелестікті дамытуда оңтайлы шешім. Сонымен қатар балалар басылымдары мен өңірлік газет-журналдарын қаржылай қолдауға басымдық берілді Бұл өңірлердегі басылымдардың қаржылық тығырықтан шығуына сеп болмақ.
Жаңа заңда мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50 пайыздан 60 пайызға ұлғайту» туралы шешім дұрыс болды. Жалпы, мемлекеттік тілде хабар тарату межесін біртіндеп көбейте берген орынды.
Сондай-ақ, отандық теле-радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20 пайыздан 10 пайызға дейін азайту белгіленгені құптарлық.

Осыған орай бүгін Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Масс-медиа туралы» жаңа Заңның заман талабына сәйкестігі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласындағы белгілі, белсенді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен «Өңірлік коммуникациялар қызметі» жанынан құрылған сарапшылар кеңесінің өкілдері қатысты.

«Масс-медиа туралы» жаңа Заң мемлекеттік саясаттың барынша ілгері дамуына, кәсіби журналистердің кедергісіз жұмыс істеуіне, ақпарттық кеңістіктің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, ақпарат таратуда бәсекелестікті дамытуға сөзсіз әсер етеді.
#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ғабит Сыздықбеков

Ұқсас ақпараттар

БЕС ЖЫЛДА ЖЕТІ ЖҮЗДЕН АСА АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

smarttop

ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МАРШУТТАР САНЫ КӨБЕЮДЕ

smarttop

Пікір қалдыру