4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ: ӘЛ-ФАРАБИ, ЕҢБЕКШІ АУДАНДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Бүгін Қаратау ауданы тұрғындарымен көшпелі кездесу өткіздім. Жиналған азаматтар мегаполистің дамуына қатысты ұсынысы мен толғандырған мәселелерін ортаға салды. Қаладағы 17, Қарасу, Текесу шағын аудандарыны мен Елтай, Тоғыс, Жыланбұзған және Айнатас тұрғын алаптарының азаматтарымен кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер пысықталды. Аулаларды абаттандыру, қоқыстарды жинау, жер учаскелерін заңдастыру, кәріз жүйелерін жүргізу және көшелерді, саябақтарды жарықтандыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, қала тұрғындары жасыл желектерді суару, суару жүйелерінің жағдайы мен жол жөндеу, саябақтар мен гүлзарларда пандустар орнатуға қатысты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
«Тассай», «Сайрам» және «Қызыл су» шағынаудандарының халқы жолға асфальт төсеу және кеңейту, көшеге атау беру, қоғамдық көлік, жер қатынастары, балалар алаңын салу және бейнебақылау камераларын орнату сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Барлық көкейкесті сауалға тиісті басқарма басшыларымен бірге жан-жақты жауап бердік. Азаматтар тарапынан көтерілген кейбір прблемалар кездесу үстінде бірден шешімін тапты.
Көшпелі жиын аясында Ю.Сареми көшесіндегі жол құрылысымен де таныстым. Мердігер компания өкілдеріне сапаға баса назар аударып, құрылысты мерзімінде аяқтау қажеттігін айттым.
Сонымен қатар, «Сайрам» тұрғын алабындағы ішкі орам көшелерінің жай-күйімен таныстым. Салалық басқарма басшыларына орталық көшелерге асфальт төсеу және жергілікті көшелерді анықтап, келесі жылдың жұмыс жоспарына енгізу бойынша тапсырма бердім.
Бұдан бөлек, “Таскен” шағынауданы тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалдырмадық. Жиын барысында көшелерді абаттандыру мен жарықтандыру, кәріз жүйесі мен қоғамдық көлік бағытын ұзарту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, “Көл” және “Ордабасы” алаңы, “Орталық”, “Шәмші Қалдаяқов” және “Тәуелсіздік” саябақтары, Қазыбек би көшесі, Тәуке хан даңғылы және А.Байтұрсынов көшелерінің санитарлық жағдайын тексердім.
Кездесу және аралау қорытындысы бойынша жауапты мамандар мен салалық басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА ⠀

smarttop

САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫН ҚАДАҒАЛАУДА

smarttop

ЕҢ ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ БІРІ- ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру