Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы “Alageum Electric” директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Кездесу барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Басты мақсат – Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру.
Мегаполис басшысы қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар екенін атап өтті. Әрі бұл мәселе тұрғындардың қолайлығы үшін маңызды рөл атқарады. Қала күн сайын өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Сәйкесінше электр желілеріне де жүктеме артып келеді. Бұған ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде халықты әбігерге салады. Өйткені, трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған.
Компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты тозығы жеткен трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алып отыр. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы станциясындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Зауыт Шымкенттегі «Тассай» индустриялық аймағында 12 гектар жерді алып жатыр. Толық қуатқа шыққаннан кейін кәсіпорын 550 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алады. Құрылыс кезінде жергілікті кадрларды даярлау қатар жүргізілді, мамандардың бір бөлігі Кентау қаласынан тартылды. Сондай-ақ, жас кадрларды даярлау Кентау политехникалық колледжінің базасында жүргізіледі, онда студенттер дуальды білім беру жүйесі бойынша оқиды.Жобаға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 18,9 млрд теңгені құрады, оның 13,5 млрд теңгесі – қарыз қаражаты. «Жобаның жалпы құнының 70% — дан астамын Қазақстанның Даму Банкі мен оның еншілес ұйымы ұсынды. Атап айтқанда, Банк 8,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді, ал ҚДБ еншілес ұйымы Лизинг 5,9 млрд теңгеге қаржы бөлді. Бұл қаржыландыру жетекші еуропалық өндірушілерден технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылды», — деді ҚДБ өкілі Жанат Аңсағанова.
https://kapital.kz/economic/7784
Айта кетейік, ескі трансформаторларды ауыстыру қала тұрғындарына электр энергиясын жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, әрі авариялық апат қаупін азайтады.
Кездесу соңында мегаполис басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі