Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қолға алынған кешенді шаралардың тиімділігінің басты өлшемі – тұрғындар табысының артуы мен өмір сүру сапасының жақсаруы. Бұл ретте Мемлекет басшысы экономиканың өсімін халықтың өмір сапасына тікелей әсер ету қажеттігін жеткізіп, нақты міндеттер жүктеген болатын.
Осы орайда Шымкент қаласының экономикалық көрсеткіштерімен қатар жергілікті бюджеттің көлемі де жылдан жылға артып келеді. Бүгінгі таңда бюджет көлемі 764 млрд теңгені құрап, соңғы 6 жылда 5,2 есеге өсті. Осыған орай, өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі 15 мыңға жуық қызметшінің жалақысына қосымша 22 000 теңге ынталандыру үстемеақысы тағайындалған болатын. Биыл 1 сәуірден бастап қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы аясында үстемақы 50 мың теңгеге дейін көтерілді. Нәтижесінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердегі ең төменгі жалақы көлемі 140 000 теңгеден асты.Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
Халықтың тұрмысын жақсарту бағытындағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде мұндай игілікті бастамалар қала кәсіпкерлері тарапынан да қолдау тауып, бірқатар жеке сектордағы жалақы көрсеткіші де артып келеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі