Бүгін Абай және Тұран ауданындағы көшпелі кездесу аясында «Нұршуақ», «Жиделі», «Қызылжар», «Құрсай», «Ақтас» шағынауданы, Рысқұлов және Байтұрсынов көшесі тұрғындарының пікірін тыңдадым. Жергілікті халық асфальт төсеу мен жолды кеңейту, спорт және балалар алаңын салу, жер телімдерін заңдастыру сынды өзекті мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, «Жиделі» шағынауданының халқы білім және денсаулық сақтау нысандарына, жаяу жүргіншілер өткеліне және шалғай көшелердегі жарықтандыруға қатысты шағым білдірді. Салалық басқарма басшылығына балабақша мен мобильді медициналық пункт салу мүмкіндігін мұқият зерделеп, қарастыруды тапсырдым. Ал, Әл-Фараби, Рысқұлов көшелерінің санитарлық күтіміне, сондай — ақ автобустардың тазалығына және электронды билет жүйесіне тексеру жүргізген қала әкімі, Жиделібайсын көшесіндегі жолдың жөндеу жұмыстарының барысын да тексерді. Оылайша, бірқатар аудандарды жаяу аралаған әкім аудан әкімдері мен жауапты мамандарға көшелерді тазалауды ерекше бақылауға алып, аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырып, жұмыстың оңтайлы жүргізілуін қадағалауды ескертті.
Ал, «Қызылжар» шағынауданында кәріз жүйесін тарту, қоғамдық көліктердің жүру бағытын ұзарту және аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды. «Құрсай» шағынауданы мен «Ақтас» тұрғын алабы, Рысқұлова 1А және Байтұрсынов 65 мекенжайынының тұрғындары қаладағы жасыл қордың жай-күйі, әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілер жолы мен аялдамаларды ретке келтіру мәселелерін ортаға салды.
Сонымен қатар, азаматтар ирригация жүйесінің жұмысы, мәдениет үйі мен балабақша құрылысы, электр қуаты және ауызсу проблемалары туралы айтты. Аудан тұрғындарының ұсынысы мен өтінішін мұқият тыңдаған соң, тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктедім.
Бұдан бөлек, аудан әкімдеріне алдағы аралауға жолды асфальттау, жарықтандыру және жергілікті көшелердегі коммуникацияларды қосу тапсырылды.