4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ НИЕТТІ АЗАМТТАР ҮШІН СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕ КӨП МҮМКІНДІК БАР

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысынан келген жұмысшы топ Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесіп, ерікті түрде қоныс аудару мен өңіраралық жұмыспен қамту жөнінде түсіндірді.
Еңбек мобильділі орталығында өткен жиында аймақтың өзіндік ерекшеліктері, географиялық орналасуы, инфрақұрылымы, әлеуметтік қамту, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсеу, жұмыспен қамту шараларына қатыстыру және мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлемдер жайында баяндалды.
Павлодар облысынан келген делегаттардың айтуынша, өңірде мал шаруашылығы жақсы дамыған. Бұл саланы қолға алуды ниеттенген азаматтарға жайылым жер мен асыл тұқымды мал басын көбейтуге жақсы жағдай жасалған.
Ал, Солтүстік Қазақстанның топырағы құнарлы болғандықтан егіншілік, оның ішінде бақша өнімдері мен жылыжай шаруашылығын дамытуға өте ыңғайлы. Мамандар ерікті түрде қоныс аударушылар мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмекті көздеп емес, отансүйгіштік ұғымдарын алға тартса құба-құп екен алға тартады. Өйткені жаңадан қоныс аударушылар іскерлік қабілетін іске салса, жаңадан бизнес-жобасын жүзеге асыруға бәсекесіз мүмкіндік бар.
Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысушы отбасылардың әр мүшесіне 70 АЕК-тен (258 440 теңге) бір реттік төлем жасалады. Қоныс аударушалар баспана алғанға дейінгі бір жыл бойы жалдамалы пәтердің құны да мемлекеттен субсидияланбақ. Бұл субсидияның ауылдық жер мен қала жағдайына байланысты қаржы мөлшерінде ерекшелік бар.
Мәселен, қалада отбасы мүшелері 2-4 адам болса 92 300 теңге төленеді. Ал, ауылдық жерлерде дәл осындай отбасыға 66 456 теңге беріледі. Одан бөлек қоны саударушылар жұмыспен қамту, қысқа мерзімді кәсіптік оқу және микрокредит беру жобалары қаралған.
Бағдарламаға қатысушыларды баспанамен қамтуда «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» қаралған. Яғни, қоныс аударушы жергілікті әкімдік тарапынан берілген баспананы құп көрмеген жағдайда осы сертификатты қолдана алады.
Сертификат бағдарлама қатысушысына тұрғын үй құнының 50 пайыз мөлшерінде, бірақ 4 282 720 теңгеден (1160 АЕК) аспайтын мөлшерде беріледі.
Ерікті қоныс аударуға ниетті қала тұрғындары өзі тіркелген мекен жай бойынша аудандық мансап орталықтарынан толық мәлімет ала алады.
Еңбек Мобильдік Орталығы парақшасынан

Ұқсас ақпараттар

АИТВ/ЖИТС–ТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

БАДАМНЫҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

ӨРТ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру