Smarttop.kz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ӨЗ ҚАЛАМЫЗҒА ДЕГЕН ЖАНАШЫРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.

«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.

«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.

«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.

«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.

«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасын тауып отыр. Осы мақсатта Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Шымсити шағын ауданында «Таза аула» атты тазалық іс-шарасы ұйымдастырылып, оған Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар мен тұрғындар барлығы 150-ден астам адам қатысты.

Іс-шара барысында тұрғын үйлердің аулаларын мен жол жиектері, ойын алаңшалары тазаланып, шөптер орылды. Арықтар тазаланып, талдардың түптері әктелді. Аулалар ретке келтіріліп, күл-қоқыс пен қалдықтардан тазаланды.

Іс-шараға қатысқан Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Әлтеев күнделікті өмірде тазалықты сақтау азаматтардың туған жерге, өз қаласына деген жанашырлығының көрсеткіші екенін айтты.

Ол қала тұрғындарын, әсіресе, жастарды экологиялық мәдениетті сақтауға және «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Ұқсас ақпараттар

МАҚСАТЫМЫЗ: САҚТАНДЫРЫЛУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ДИАГНОЗ АНЫҚТАЛҒАННАН БАСТАП ҚАНДАЙ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЕМДІК ШАРАЛАР, ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТЕГІН АЛУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ТАЛАП ЕТУ, ТАНЫСУ МҮМКІНДІГІ БОЛАТЫНЫН ХАЛЫҚҚА ЖЕТКІЗУ

smarttop

ТЕАТРДЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА ҚАРАША АЙЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ ІХ ФЕСТИВАЛІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ-КУТАИСИ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІК БАЙЛАНЫС ЖАНДАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру