0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП КЕЛЕДІ

Бүгін Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты №8 шағын ауданда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза аула» іс-шарасы ұйымдастырылды. Тазалық шарасына қала тұрғындары, ерікті жастар және «Жасыл ел» жасағының мүшелері қатысты.

Олар А.Асқаров және Мангельдин көшелерінің бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын тазалап, қоқысты шығарып, ауланы ретке келтірді. Тазалық жұмыстарына 100-ге жуық тұрғындар, 4 арнайы техника жұмылдырылып, 21 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық іс-шарасына қатысушылар Президенттің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық мәдениетін көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырады.

«Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын», — дейді Шымкент қаласы Тұран ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы тазалық іс-шаралары бір күнмен шектелмей, бүкіл қаламыз бойынша тұрақты түрде жалғасып келеді.

Сондай ақ,  Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Жайлау шағын ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық іс-шарасы өтті. «Таза көше» деп аталатын іс-шара барысында аудан тұрғындары, белсенді жастар мен «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері шағын аудандағы қараусыз қалған гүлзар мен оған іргелес аумақтарды және көше бойларын ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада көше бойлары тазаланып, қоқыстар шығарылды, қураған ағаштар кесіліп, қоршаулар мен орындықтар сырланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұйымдастырған бұл шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселелерді шешуге атсалысуға ынталандыр және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

«Бүгін сүйікті қаламыз Шымкенттің тазалығын сақтауға азғантай да болса үлес қосқанымызға қуаныштымыз. Егер әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, жауапкершілікті сезіне білсе, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, түпкі мақсатына жететініне сенеміз», — дейді қала тұрғыны, әділ билер кеңесінің төрайымы Орынша Тәжібаева.

Ұқсас ақпараттар

Қос полицейдің қырағылығы арқасында таңғы сағат 06:00-да шыққан өрттен бір отбасы мүшелері құтқарылды

smarttop

ЗАҢ КЕРУЕНІ ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДІ АРАЛАУДА

smarttop

«ТҮРКІСТАН – АБУ-ДАБИ» ӘУЕ БАҒЫТЫНДА ҰШАҚ БИЛЕТТЕРІ САТЫЛЫМҒА ШЫҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру