Smarttop.kz

ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Шымкенттегі Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімі аумағында қаланың білім басқармасымен бірлескен маңызды жиын өтті. Бұл оқу әдістемелік жиын — Еңбекші және Қаратау аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының ұйымдастыруы бойынша Шымкент қаласы оқу орындарының бастапқы әскери технологиялық дайындықты ұйымдастырушы пән мұғалімдеріне арналды. Оқу-әдістемелік жиынның негізгі мақсаты — жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау, бастапқы әскери дайындықты ұйымдастыру мен жүргізуде әскери қызметшілермен тәжірибе алмасу.
Іс-шараның жоспары бойынша 6698 әскери бөлімінің алаңында әскери қызметшілер оқу-әдістемелік жиынға қатысушы ұстаздармен «Саптық дайындық», «Қару-жарақпен жұмыс» сияқты тактикалық сабақтар көрсетті. Сондай-ақ әскери бөлімде әскери қызметшілердің балаларына арналған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубымен өткізілетін іс-шаралар тәртібімен таныстырды. Айта кетейік, бұл маңызды шара әскери бөлімде екінші рет ұйымдастырылып отыр.
Оқу жиыны соңында оқу орындарының мұғалімдері мен ұйымдастырушылар 6698 әскери бөлімінің басшылығына сапалы өткізілген тәжірибелік, тактикалық сабақтар үшін алғысын айтты. Жастарды ел қорғау ісіне баулуда, әскери қызметті насихаттауда маңызды орын алатын бірлескен шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ұқсас ақпараттар

БОС ЖҰМЫС ОРНЫН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТАБУҒА БОЛАДЫ

smarttop

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАРҒА БАРДЫ

smarttop

Полицейлер кәмелетке толмаған 100-ден аса жасөспірім мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

Пікір қалдыру