Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XX СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының сегізінші шақырылымдағы мәслихатының кезекті XX сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау, Тұран аудандарының әкімдері инфрақұрылым, көлік, жарықтандыру және аулаларды абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Сонымен қатар, білім басқармасының жаңа оқу жылына, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының қысқы жылыту маусымына дайындығы қаралды. Мәслихат депутаттары жылу жүйелерінің құрылысын сапалы және уақытында аяқтауды тапсырды.
Сессияда Шымкент қаласы мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, 17 мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков халықтың жағдайын жақсарту және инфрақұрылым мәселелерін шешу жолында депутаттармен бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Ұқсас ақпараттар

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: 7 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 65 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

smarttop

Пікір қалдыру