Smarttop.kz

ЖҰМЫС САПАЛЫ ЖӘНЕ УАҚЫТЫЛЫ АЯҚТАЛУЫ ҚАЖЕТ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдері және басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу аралап, көше мен аулалардың санитарлық жағдайын тексерді.
Атап айтқанда, Темірлан тас жолы, Жандосов, Адырбеков, Рысқұлов, Жібек Жолы көшелері және “БМК” каналы, “Түркістан (БАМ)” шағынауданы, 18-шағынаудан, “Мирас” және “Шапағат” шағынауданындағы санитарлық жағдаймен танысты.
“Айқап” көшесі бойындағы “Түркістан” шағынауданында жүргізіліп жатқан кәріз желілерінің құрылыс барысын көрді. Тексеру нәтижесінде мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмыс сапалы және уақытылы аяқталуы қажет екенін ескертті.
Сонымен қатар, Сасбұқаев көшесінен Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта Жандосов көшесінің құрылыс жобасын қайта қарауды тапсырды. Себебі тұрғын үйлердің бұзылуына жол бермеу қажет.
Аралау қорытынды бойынша аудан әкімдіктері мен басқарма басшыларына көше мен аулалардың тазалығын қатаң бақылауға алып, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ШАЛА ТУҒАН НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ЕКІ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

ШАҒЫН ОРТА БИЗНЕС ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕЛЕНДІРУ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 209 ГЕКТАРҒА ЖЫЛЫЖАЙ САЛЫНҒАН

smarttop

Пікір қалдыру