21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ҚАЛАНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сапар барысында Премьер-Министр жаңа салынып жатқан бірқатар әлеуметтік және жол нысандары мысалында Шымкент қаласы бас жоспарының іске асырылуымен танысты. Онда жыл соңына дейін 2,6 мың пәтерге арналған 66 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспары туралы баяндалды. Биылғы қорытынды бойынша 1,4 млн м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Тұрғын аудандарда жайлы мектептер, емханалар, заманауи спорт кешендерінің, сондай-ақ Оқушылар сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Премьер-Министр 36 тұрғын үй салынып жатқан Ақжайық шағын ауданына аралау барысында құрылыс сапасына және қазақстандық тауарлар мен қызметтердің үлесін одан әрі арттыру қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ Үкімет басшысына қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы баяндалды.

Премьер-Министр жергілікті жерлерде инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларына, сондай-ақ олар шығаратын өнімнің сапасын үнемі арттырудың маңызына назар аударды.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қаланы айналып өтетін транзиттік көліктің өтуін қамтамасыз ету үшін ұзындығы 28,2 км «Қорғас-Алматы-Шымкент-Өзбекстан Республикасы шекарасы» А-2 автожолын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы баяндады.

Қаланың одан әрі дамуы, өндірістік қуаттардың кеңеюі және жаңа инфрақұрылымдық жобалардың іске қосылуы тұрақты және үздіксіз энергиямен жабдықтауды талап ететіні атап өтілді. Бүгінгі таңда Шымкентте жеке өндірілетін энергияның жалпы қуаты 120 МВт құрайды, сонымен бірге қала 400 МВт, сұраныстың ең жоғары кезеңдерде – 500 МВт қуатты тұтынады.

Ұқсас ақпараттар

ЕРЕКШЕ БАЛА АСЫРАП ОТЫРҒАН АНАЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

ДЕПАРТАМЕНТ 2022 ЖЫЛЫ 96 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ІС ҚОЗҒАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ:«АДАМГЕРШІЛІК – АЛҒЫС АЙТУДАН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру