3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АЙМАҚТЫҚ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Шымкентте Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие жүйесіндегі педагогтың рөлі» тақырыбында аймақтық оқыту семинары өтті.

Семинарды Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева ашып, жүргізіп отырды. Қала мектептерінен жиналған ұстаздар және білім бөлімінің мамандары біртұтас тәрбие мен оның маңызы жайлы баяндамалар жасап, көпшілікпен талқылады.

Тұлғалық тәрбие берудегі педагогтың рөлі өте зор. «Баланы тек мектеп немесе мұғалім тәрбиелеу керек деген жаңсақ пікір» деген өз ойларын айтқан мұғалімдер мектепте жүргізілетін тәрбиеге байланысты іс-әрекеттерімен бөлісті.

-Биылдан бастап «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, барлық мектептерде жүзеге асырылуда. Қазіргі қоғамда оқушылардың арасында көптеген вейб, лудомания қатарлы мәселелер туындап жатыр. Сондай жат қылықтардың алдын алу мақсатында бағдарлама ұлттық құндылықтарға бағытталған. Жалпы, былтырғы бағдарламада үш құндылық болса, биыл алты құндылыққа негізделгенін айта кету керек. Тек қана мектеп емес ата-ана, білім ошағы үштік болып, болашақ ұрпақты тәрбиелейміз, — дейді қалаға арнайы келген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Айта кету керек, аймақтық семинар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға ықпал етіп қана қоймай, педагогтер арасында білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды.

Бүгін жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар өз мәресіне жетті.

Семинар барысында негізгі аспектілері түсіндіріліп, жастарды тәрбиелеуін жақсы жағына арттыру керектігі айтылды. Қатысушылар дайындықты жеделдету мен жастар арасында ақпараттық жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Жалпы, бұл семинар мектеп жастарының қоғамдағы тәрбиелік рөлін арттыруға және оларды белсенді азаматтар ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

КАТАРДА ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

smarttop

САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІ ӨЗАРА МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру