-6.7 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІ – ҚОҒАМ МЕН ҰЛТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ТӨНГЕН ҚАТЕР

Қазіргі таңда есірткі мәселесі қоғамның басты қауіптерінің бірі ретінде қарастырылуда. Бұл мәселенің өзектілігі оның халық денсаулығына және ұлт қауіпсіздігіне тікелей әсер етуімен байланысты. Есірткі заттарын пайдалану халықтың генетикалық қорын әлсіретіп, ұлттың болашағына үлкен қауіп төндіреді.

Есірткі бизнесі ұлттық және аумақтық қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін, себебі оның белгілі бір бөлігі экстремизм мен терроризмді қаржыландыруға бағытталып келеді. Нашақорлық тек адам денсаулығына зиян келтіріп қоймай, қоғамның тұрақтылығын бұзады, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді. Оған еліміздегі «Қаңтар оқиғасы» мен Украинадағы «Майдан» оқиғалары нақты дәлел бола алады деді, Шымкент қаласы прокурорының орынбасары — Марат Ержан Маратұлы.

Мемлекет басшысы бұл мәселені жыл сайын көтеріп отырады, себебі кейбір адамдар есірткіні бизнес ретінде қарастырса, өзгелері оны ұлттың тәуелсіздігіне қауіп төндіретін құрал ретінде пайдаланады. Осыған байланысты биылғы жылы қылмыстық қудалау органдары мен уәкілетті мекемелердің есірткімен күрес жұмыстары күшейтілді.

Қала прокуратурасы есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтау бойынша арнайы топ құрды. 2023 жылы құқық қорғау органдарының тарапынан Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптары бұзылып, 8 іс тоқтатылса, биыл мұндай бұзушылықтарға жол берілмеді.

Оқушылар мен кәмелетке толмағандар арасында да есірткі заттарының зияны, оларды қолдану, сақтау және жарнамалау үшін заңды жауапкершілік туралы тұрақты түсіндіру шаралары ұйымдастырылып жатыр. Есірткі жарнамаларына қарсы 50-ге жуық интернет сілтеме бұғатталған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРМЕН СҰХБАТ

smarttop

ПРЕЗДИДЕНТІМІЗ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 13 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру