7.3 C
Шымкент
Среда, 20 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ СЕЙСМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Бүгін Шымкентте сейсмикалық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау қызметкерлері, ұялы байланыс операторлары, төтенше жағдайлар қызметі және басқа да уәкілетті мекемелердің өкілдері қатысты. Күн тәртібінде басты назар сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жер сілкінісі жағдайында азаматтық қорғаныс қызметінің дайындық деңгейін бағалауға бағытталды.

Кеңес барысында Шымкент қаласының прокуроры Ғабит Мұқанов және төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді талқылады. Олардың есебіне сүйенсек, Шымкент аумағындағы жалғыз сейсмостанцияның ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді, ал қолданыстағы жабдықтар жаңартылуы тиіс.

Соңғы жеті жылда қала аумағында магнитудасы 2 балдан асатын 16 жер сілкінісі тіркелген. Ғимараттардың қирауы және құрбан болғандар тіркелген жоқ. Дегенмен, Шымкент қаласы үшін сейсмикалық қауіп тудыратын басты аймақ – Түркістан облысындағы Қаржантау тау жоталары (Қазығұрт және Төлеби аудандары). Осы жоталардан келетін сейсмикалық белсенділік қаланың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіреді. 1976 жылы жүргізілген соңғы инженерлік-геологиялық зерттеулер Шымкенттің топырақ құрамының сейсмикалық жағынан қолайсыз екенін көрсетті. Нәтижесінде, қалада жер сілкінісі болған жағдайда оның күші стандартты көрсеткіштен бір балл жоғары болады. Бұл қирау қаупін арттырады.

Жиын қорытындысында қала прокуроры Ғабит Мұқанов мегаполис тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Жауапты мекемелерге жоспарланған іс-шараларды уақытылы аяқтау бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 9,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АБАЙ АУДАНЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

ӨТКЕН ЖЫЛЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНА 23,МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру