20.3 C
Шымкент
Четверг, 21 августа, 2025
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫ: ШЫМКЕНТ КАНАЛЫНЫҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Шаһарда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Тұран ауданы аумағындағы “Шымкент” каналы бойында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Қала тұрғындары, белсенді жастар, ардагерлер, аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері Адырбеков көшесінен Қонаев даңғылына дейінгі аумақты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акцияға қатысушылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы экологиялық мәдениетті көтеруге, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға оң ықпал ететінін айтып, барша азаматтарды осынау игілікті іске белсенді түрде атсалысуға шақырды.

– Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Ауданда бұған дейін Қошқар ата, Бадам өзені бойында тазалық іс-шарасы өтті. Айта кетейік, аудан аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 50-ге жуық тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, шаһар басшысы кезекті рет аралауында қаладағы көшелер мен аулаларды тазарту және ағымдағы күтіп-ұстау жұмысымен, сондай-ақ санитарлық жағдайымен танысты.

Жауапты тұлғаларға бейберекет сауданы жою жұмысын жандандырып, қоқыс тазалау шараларын бақылауды тапсырды. Себебі, заңсыз сауда орындары қаланың сәулеттік келбетін бұзып, тұрғындарға қолайсыздық тудырады.

Осыған орай, Қаратау ауданында жаңа стадионның құрылыс барысын тексерді. Қазіргі таңда жер қазу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкіміне жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ары қарай, Әл-Фараби ауданы, Жібек Жолы мен Сайрам көшелерінің қиылысындағы жаңа гүлзар ұйымдастыру жұмысын қарап шықты. Қоғамдық орынды жыл соңына дейін абаттандыру жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Шымкентте “Шығыс” айналма жолының құрылысы қарқынды жүргізілуде

smarttop

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА АПТА САЙЫН 5 ОРЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру