5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ЖАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында осы мәселеге қатысты бағдарлама ұсынды. 2025 жылға дейін елімізде 800 мыңға жуық баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасалатынын айтқан болатын.  Ұлттық жобаның аты – «Жайлы мектеп». 2023 жылы басталатын жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде заманға сай жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл өз кезегінде апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептердің де проблемасын шешуге көмектеседі.

Бүгінде жайлы мектеп аты айтып тұрғандай, оқушыға да, ата-анаға да ыңғайлы, қатынауға қолайлы жағдай жасалынып жатыр. «Тәрбие – тал бесіктен» демекші, ел болашағы өзін жайлы сезіну үшін заманауи мектептерде білім алса дейміз. Практикалық жұмыстың нағыз ортасында жүріп, түрлі процестерді жүзеге асыру оқушылардың пәнге қызығып, оқуға құштарлығын оятары сөзсіз.

Себебі, жайлы мектепте ішкі ғана емес, сыртқы инфрақұрылым да қарастырылған. Мектепке апаратын жаяу жүргіншілер жолы, автобус бағыттарын алдын ала іске қосу, аялдамаларды дайындау, мектепке апаратын жолдарға жарық беру мәселелері де шешімін табуда.  Осыған дейінгі білім ошақтарынан жайлы мектептің бір ерекшелігі осыда.

Шымкентте де жайлы мектепті көлікпен қамту жағдайы қарастырылған. Нақтырақ айтар болсақ,  аталмыш ұлттық жобасы аясында жаңадан ашылып жатқан мектептерді қоғамдық көлікпен қамту мақсатында №122, №191 және №55 автобус маршруттарының сызбаларына өзгерістер енгізілетін болады.

Яғни,  Қарабастау тұрғын алабына қатынайтын №122 және №191 бағыттағы қоғамдық көліктердің сызбасы №142 жалпы орта білім беретін мектебіне дейін ұзартылады.

№55 автобус маршруты Нұршуақ шағынауданындағы  №140 жалпы орта білім беретін мектебі арқылы ұйымдастырылады.

Ұқсас ақпараттар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӘКІМ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері ақша ұрлаған зейнеткерді анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

smarttop

Пікір қалдыру