1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті бірлесе «Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті – Тәуелсіз Қазақстанның оңтүстік шебінің күзетінде 25 жыл» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткізілді. Бұл шара Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері ҰҚК Шекара қызметінің оңтүстік аймақтағы атқарған жұмыстарын, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің дамуына қосқан үлесін талқылауға арналды.

Конференцияға ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы орынбасарының ЛМУА подполковник Дулат Алдербаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректор м.у.а Ғани Бесбаев, Шымкент қаласы әкімдігі аппарат басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев, Шымкент қалалық әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі Тимур Бидайбек, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Республикалық ардагерлер қоғамдық бірлестік филиалының Шымкент қаласы бойынша төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев сонымен қатар Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы ҰҚК Шекара қызметінің ардагерлері, әскери саланың сарапшылары мен ғалымдар қатысты. Конференцияда Қазақстанның оңтүстік шебін қорғау тәжірибесімен алмасу, аймақтағы қауіпсіздікті сақтау және шекара қауіпсіздігіне қатысты жаңа технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің 25 жыл ішінде қол жеткізген жетістіктері, оның ішінде шекаралас елдермен ынтымақтастық, трансшекаралық қылмыспен күрес, шекара және миграциялық бақылау қызметтері жайлы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, шекара аймақтарындағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында шекара қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, материалдық-техникалық базаны жаңарту және шекара бойындағы заманауи бақылау технологияларын қолдану мәселелері де сөз болды.

Конференция ҰҚК Шекара қызметінің елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін, сондай-ақ аймақтың тұрақтылығын сақтаудағы үлесін атап өтті. Қатысушылар тәжірибе алмасып, шекара қызметін жетілдіру бойынша өзара пікір алмасып, оңтүстік шекараны қорғау бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Конференцияның қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ынтымақтастықты нығайту туралы шешімдер қабылданды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҚАЛАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

smarttop

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

smarttop

ЕСКІ АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру