«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС — қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй — коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді.
2023 жылы «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не қала бюджетінен жалпы 1,041 теңге бөлініп, қала аумағында орналасқан 16 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың екінші жарты жылдығында жалпы мүлік иелеріне пайдалануға берілді
2024 жылы күрделі жөндеу жұмыстарынан үнемделген қаржы есебінен 79 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкіне техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп және жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Сонымен қатар, 1-кезеңде қала аумағындағы 11 көпқабатты тұрғын үйдің жалпы мүлкін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 1 139 993 теңге қаржы қаралды.
Қазіргі таңда, 11 көпқабатты тұрғын үйдің (Әл-фараби ауданы-7, Тұран ауданы-2, Еңбекші ауданында-2 тұрғын үй) жалпы мүлкі күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы үйлерден қаржы үнемделген жағдайда тағыда 5 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, қала аумағындағы тозығы жеткен 24 жедел саты бойынша арнайы сараптама өткізіліп, оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда, осы жедел сатыны орнату үшін жергілікті бюджетке өтінім беріліп, 367 200 теңге қаржы қаралды. Қазіргі таңда, 24 жедел сатысын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. (Әл-фараби ауданы-6 тұрғын үй 12 лифт, Тұран ауданы-5 үй 10 лифт. Еңбекші ауданында-1 үй 1 лифт, Қаратау 1 үй 1 лифт,). Қаржы үнемделген жағдайда тағыда 3 көпқабатты тұрғын үйдің 3 жеделсатысын ауыстыру жоспарға алынды.
Сондай-ақ 2024 жылы қала аумағында 13 инженерлік инфрақұрылым нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның, 6 нысаны 2024 жылдың қорытындысымен пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Атап айтқанда: Бозарық ш/а — 2 нысан,Тұран ш/а – 3 нысан, Әкімішілік іскерлік орталығы – 1 нысан.
Қалған 7 нысанның (Бозарық – 6 нысан, Ақжайық ш/а – 1 нысан) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, 2 нысанның (Тұран ш/а 52 үйге 1-кезек, Тұран ш/а 61 үйге 2-кезек) жобалау-сметалық құжаты әзірленуде.