14.3 C
Шымкент
Четверг, 28 ноября, 2024
Smarttop.kz

АӘК ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Атаулы әлеуметтік көмек — отбасылардың табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға беріледі. Алайда, бұл ұзақ мерзімді емес. Тек отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асқанға дейін ғана төленеді.
Жыл басынан бері 10 айдың қорытындысымен 8 511 отбасының 44 342 мүшесіне АӘК тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам АӘК алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді.
1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл 7 608 отбасының 14 907 баласына берілді. Бұл көрсеткіш те төмендеген. Өткен жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленіп, осы жылмен салыстырғанда 28 пайызға азайған.

Жалпы, 2024 жылдың III тоқсанына арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 36 637 теңгені құрап отыр. Бұл көмек әр отбасының жан басына шаққандағы орташа кіріс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі.

Мемлекеттік АӘК алушылардың қатары 12 482-і еңбекке жарамды азаматтар. Олардың 7 369-ы өтініш берген кезде жұмыс істеп жүргендер болса, қалғаны жұмыспен қамту шараларына тартылып жатыр. Нақтырақ айтқанда, 436 адам нәтижелі жұмыспен қамту шараларына қатысқан: 265 адам тұрақты жұмысқа орналасса, 48-і қоғамдық жұмыстарға, 15 адам жастар практикасына, 17 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. Сонымен қатар, 46 адамға кәсіпкерлік бастамалары үшін қолдау көрсетілді.

Бұл көрсеткіш қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шараларының оң нәтижесін көрсетіп, мемлекеттік АӘК алушылар санын азайтып келеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: РЕНОВАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕР ЖАҢАРАДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ АҚТАСТЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру