Smarttop.kz

Түркістан облысында доңғалағын қысқы маусымға дайындамаған 26 жүргізуші жауапқа тартылды

Полиция жүргізушілерге қыс мезгілі басталуына сәйкес Жолдағы қауіпсіздік туралы ойланып, көліктеріне «қысқы доңғалақ» орнатуды ескертеді.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап осы техникалық регламентті сақтамағаны үшін автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін алға тартады.

Мәселен Түркістан облысында полицейлер автокөліктерде қысқы доңғалақ болмағаны үшін 26 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тәртіп сақшылары атап өткендей, «қысқы доңғалаққа» ауыстыру тек заң талаптарын орындау ғана емес, бұл жолдағы қиындықтардан аулақ болуға және өзіңіздің, басқалардың қауіпсіздігіне айтарлықтай көмектеседі. Көктайғақта жазғы доңғалақпен жүрудің салдары ауыр апатқа әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.

Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерді көлік құралдарының жағдайын тексеріп, мезгілге сай дайындауға шақырады. Жолдарда абай болыңыз және жол ережелерін сақтаңыз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БАРЛЫҚ ШАҒЫН АУДАНДАР МЕН ТҰРҒЫН АЛАБТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКПЕН 100% ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

БАЛАБАҚША — БІЛІМНІҢ БАСПАЛДАҒЫ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫНДА 14 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

smarttop

Пікір қалдыру