1.3 C
Шымкент
Среда, 18 декабря, 2024
Smarttop.kz

АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН АЛАТЫН АЗАМАТТАРҒА «ӘЛЕУМЕТТІК ӘМИЯН» АРҚЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗҒА ЖЕҢІЛДІК БЕРІЛМЕК

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік қолдау шын мұқтаж азаматтарға бағытталуы керектігін атап өткен болатын.
Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі
ҚР Энергетика министрлігі жәнп «QazaqGaz Aimaq» АҚ-мен бірлесе отырып, Шымкент қаласында Egov Mobile арқылы «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдік беру жөніндегі пилоттық жобаны бастады.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.

Жоба аясында өңірде тұратын АӘК және ТҮК алушы азаматтар eGov Mobile қосымшасының басты бетіндегі «Әлеуметтік әмиян» сервисінде тауарлық газға жеңілдік алуға өтініш бере алады.

—Атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін адатвн азаматтар 1414 нөмірінен «QazaqGaz Aimaq» АҚ абоненттеріне тауарлық газға ваучер түріндегі жеңілдік қолжетімді екендігі туралы SMS-хабарлама алады. Ваучерді «Әлеуметтік әмиян» қызметінде белсендіру қажет. Тұтынушыларға қолайлы болуы үшін оларға тұратын мекен-жайының есептік шотын көрсетсе жеткілікті. Және де тұтынушыға үй-жай құжатын өткізудің қажеті жоқ. Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24 пайызына дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік Шымкент қаласы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдіктерімен бекітілген тұтыну газ нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек. Тұтыну газ нормасын бекіту барысында сыртқы ауаның орташа айлық температурасы, ғимараттың қуат тиімділігі класы және өзге де көрсеткіштер есепке алынады, — дейді «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ маркетинг және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Демеу Сейітжанов.

Әлеуметтік көмек алушылар үшін ыңғайлылық пен қарапайымдылық тудыратын жобаның негізгі мақсаты – атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар үшін газға жеңілдік қолдану процесін жеңілдету.
Пилоттық жоба бес ай бойына жүзеге асырылып, тауарлық газға жеңілдіктер беру процесін цифрландыру және бюрократиядан арылту, табысы төмен азаматтар үшін қаржылық жүктемені азайту мәселелерін шешеді деп күтілуде. Егер жоба нәтижелі болса, одан әрі ол цифрландырылуға және өзге өңірлерге де бағытталмақ.
Ваучер іске қосылғаннан кейін келесі айда жеңілдік сомасы берілген түбіртекте және «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында көрсетіледі.

Айта кетейік, «Әлеуметтік әмиян» жобасы – халықты қолдаудың неғұрлым әділетті және заманауи жүйесін құруға бағытталған қадам. Біз бұл жобаның сәтті жүзеге асырылуы оның ауқымын кеңейтуге негіз болады және Қазақстан азаматтарының өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосады деп сенеміз.

Ұқсас ақпараттар

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ МЕКТЕП ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

Футбол ойнап жүрген жігіттің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат анықталды

smarttop

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ СӘН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру