9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ТАСКЕН ЖӘНЕ МӘРТӨБЕ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Таскен және Мәртөбе тұрғын алабтардың халқымен жүздесіп, мәселесін тыңдады.

9 мыңнан астам халқы бар Таскен тұрғын алаб сапалы электр жарығымен толық қамтылған болса, табиғи газ және сапалы ауыз су 98 пайызға шешілген. Қамтылмаған бөлігі жаңақұрылыс аумағы.

1500 гектар аумақты алып жатқан Мәртөбе ауыз су, газ, электр жарығымен жүз пайыз қамтылған. Мұнда 5 мыңнан астам тұрғын тұрады.

Таскендіктер Пәрмен көшесінің электр желілері мен бағаналары және трансформаторларының тозығы жеткенін, жаңақұрылыс аумағын инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін айтса, Мәртөбе тұрғын алабының халқы суармалы жерлер мәселесі мен мектеп пен аурухана салып беру жайын көтерді.

Тұрғындардың өтінішін тыңдаған қала басшысы айтылған мәселелер ұзақ және қысқа мерзімде шешілетінін айтып, әлеуметтік нысандарды салуға көп уақыт кететінін жеткізді. Мәселен, мектеп пен аурухана салу үшін салынатын орынды таңдау, оны дайындау, жобалау, ары қарай құрылысты жүргізу процесі бар.

Қала әкімі Пәрмен көшесінің электр желілері мен бағаналарын және трансформаторларын ауыстыруды «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-на тапсырса, салалық басқармаға жаңақұрылыс аумағын табиғи газ және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жобалық сметалық құжаттамаларын әзірлеуді жүктеді. Ал, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына Мәртөбе тұрғын алабының суармалы жерлер көлемін есептеп, «Ақсу» МКК мекемесімен бірлесе отырып су лимитін көтеру керектігін айтты.

Кездесу соңында Мұрат Әйтенов бұдан бөлек, елді мекендердегі көшелерге асфальт салу, жарықтандыру және спорт алаңшаларын салу жұмыстары кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселенің орындалуы жіті бақылауда болатынын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДА ҚЫЛМЫС САНЫ АЗАЙҒАН

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДА ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ БАСЫМ

smarttop

Мемлекет қамқорлығына кірген қандастар

smarttop

Пікір қалдыру