34.3 C
Шымкент
Вторник, 1 июля, 2025
Smarttop.kz

Шымкентте түнгі уақытта жанжалдасқан азаматтардан қаруға ұқсас зат тәркіленді

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары әкімшілік аумақты бақылау және қылмыстың алдын алу мақсатында патрульдеу барысында М.Дулати және Н.Төреқұлов көшелерінің қиылысында бір топ азамат жанжалдасып тұрғанын көреді.

Мән-жайды анықтау үшін тоқтап, жедел іс-әрекет жүргізу барысында жанжалдасқан екі азаматтың қолдарында қаруға ұқсас зат бары белгілі болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, айғақты зат ретінде қаруға ұқсас заттар тәркіленіп алынды. Ал жанжалдасқан азаматтар Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматтарға қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Айта өтетін ақпарат, қала аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА 22 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

smarttop

ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҚТАРДА 3600-ДЕН АСТАМ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНЫ АШЫЛАДЫ

smarttop

 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ  ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру