16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫН ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ТЕТІГІ ҚАРАЛУДА

Шымкент қаласында өткен жылы 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту көзделген болатын. Жыл қорытындысымен 812 отбасыға жалдамалы пәтер табысталып, қалған 164 пәтер мемлекеттік тіркеу жұмысы аяқталған соң биыл үлестірілмек.

Бұл туралы тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Утенбаев қала әкімдігінің «Instagram» парақшасындағы тікелей эфирде мәлімдеді.

2021 жылы 315 отбасы «Бақытты отбасы» несиелі бағдарламасы арқылы баспанамен қамтылса, оның ішінде 149 отбасыға алғашқы жарнасының бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаты берілген.

Ал, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша кезектегі 1 460 отбасы баспанамен қамтамыз етіліп, оның ішінде 267 отбасыға тұрғын үй сертификаты үлестірілген.

Биыл 1605 пәтерді сатып алу құқығынсыз жалға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жыл соңына дейін кредиттік тұрғын үй бағыттары бойынша (5-20-25 және 7-20-25) 2096 азаматты тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарлануда,-деді басқарма басшысы.

2022 жылы кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі қаралуда.

Эфир барысында тұрғындар тарапынан 100-ден аса сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй кезегіне қатысты болды. Ғ.Утенбаев тұрғындарға баспана кезегіне тіркеліп қана қоймай, «Отбасы банкке» депозит жинауға кеңес берді.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

smarttop

ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

БИЫЛ ЕКІ КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру