Smarttop.kz

«ТҰРАН» БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ – ҚР КУБОГІНІҢ ИЕГЕРІ!

Ақмола облысында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасы кубогі сарапқа салынды. Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» спорт ойын түрлері клубының баскетбол командасы тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Кубогінің иегері атанды.
Құрылғанына көп болмаған команда үшін бұл – тамаша жетістік. Команданың бас бапкері Ғалия Мамахан жоғары нәтижеге жетуге жағдай жасаған облыс басшылығына, клуб басшысы Сабыржан Бұлдырықовқа, түркістандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік биыл «Тұран» командасының баскетболшы арулары Қазақстан Республикасының Ұлттық лигасында өнер көрсетуде. Жалпы баскетболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада елімізден 8 команда қатысып, чемпиондық атаққа таласуда. Бүгінгі таңда 4-тур ойындары аяқталып, түркістандық баскетболшы бұрымдылар бірінші орында келе жатыр.

Ұқсас ақпараттар

2022 жылы Шымкент қаласына «Бақытты отбасы 2-10-20» бағыты бойынша 449 отбасына (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 195, мүгедек бала асыраушы отбасылар – 35, толық емес отбасылар – 219) лимит бөлінді

smarttop

Мемлекеттік шекараны күзету бойынша ағымдағы жағдай

smarttop

ШЫМКЕНТТІКТЕР БІРЛІК МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру