21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІНДЕ КӨШПЕЛІ КӨРМЕ ЖАСАҚТАЛДЫ

Шымкентте Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың бесінші күні «Тарихқа тағзым күні» аталып өтті.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары Арбат демалыс аймағында «Ғасырлар тоғысындағы көрмеде» тарихтан сыр шертетін жәдігерлер мен кітаптардан жасақталған көшпелі көрмені тамашалады.

Тарихи сананы қалыптастыруға бағытталған мерекелік шарада қаладағы кітапханалар «Көне кітаптар көрмесін» жасақтаса, саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі өз экспонаттарын көпшілік назарына ұсынды. Қонақтар әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығының «Тарихтан тағылым» атты ұлттық көрмесін де көрді.

Көпшіліктің көңілінен шыққан мерекелік шарада келушілер қала тарихы мен ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар туралы мәліметтерге қанық болды.

Қала тұрғындары мен қонақтары көрме жәдігерлерін тамашалумен бірге, көне кітаптармен танысып, үзінділер оқыды.

Мерекелік күн қаладағы мәдениет басқармасы ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасуда. Күндізгі сағат 11:00-де басталған көрме кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Ал, ертең 18 наурыз «Игі істер күні» болып белгіленген.

Ұқсас ақпараттар

ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ 2025 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

smarttop

АЛТЫ БАЛАНЫ ӨРТТЕН ҚҰТҚАРҒАН АНА БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

smarttop

ШҰҒЫЛА ШАҒЫН АУДАНЫ САПАЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру