34.3 C
Шымкент
Суббота, 14 июня, 2025
Smarttop.kz

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА БИЫЛ 7,4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Геосаяси ахуалдың ушығуына байланысты қазірдің өзінде еліміз қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келіп отыр. Ұлттық валютаның тұрақсыздығы мен логистиканың қиындап кеткенін көріп отырмыз. Азық-түлік тауар нарығына да қысым күшейді. Осы ретте Шымкент қаласы бойынша азық-түлікті тұрақтандыру қорына 7,4 млрд теңге қаржы қаралып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры жасақталған. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов Президент Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен актив отырысында мәлім етті.

Геосаяси ахуалға байланысты қиындыққа тап болған кәсіпкерлерді шұғыл қолдап, қаланың өнеркәсіп саласын бақылап отыру үшін қала әкімі орынбасары Айбек Сәттібаевқа «Атамекен» палатасымен бірлесіп арнайы комиссия құруды тапсырды.

Сонымен бірге әкім комиссия отырысының күнде өткізілуін, азық-түлік бағасын бақылап, негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауды жүктеді.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК СЕМИНАР ӨТТІ

smarttop

Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп тұрғынның атынан 3 бірдей несие алған ер адам анықталды

smarttop

МӘМС: 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

smarttop

Пікір қалдыру