Smarttop.kz

ШЕТЕЛДІҢ ТАНЫМАЛ СУРЕТШІЛЕРІ ТҮРКІСТАННЫҢ НАУРЫЗЫН БЕЙНЕЛЕЙДІ

Түркістан қаласында «Nauriz in Turkistan» халықаралық суретшілері форумы жалғасып жатыр. Іс-шара «Qazaqstan A’la Prima» форумдары сериясы аясында ұйымдастырылған.
Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов сөз сөйлеп, жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады. Шетелден арнайы келген қылқалам шеберлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Танымал суретшілер «Жібек жолы» саябағында өткен Наурыз мерекесіне де қатысып, қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысты.
Форумға АҚШ, Армения, Польша, Түркия, Бурятия, Ресей, Өзбекстан елдерінен келген жиырмадан аса суретші қатысып жатыр. Олар Түркістан шаһарының қазіргі көрінісін кескіндемек. Форум 29 наурызға дейін жалғасады деп жоспарланған. Бұл суретшілердің туындылары арнайы көрмеге қойылады.

Ұқсас ақпараттар

«ТАУ САМАЛЫНДА» ЕРІКТІ ЖАСТАР СЛЕТІ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Этносаралық көшбасшылары туралы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті

smarttop

ЖАҢАТАЛАПТА 10 КӨШЕГЕ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру