Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміне жоғалған жас келіншектің анасы арызданды. Ол өз арызында үйінде жүрген қызының ауруханаға кеттім деп, сол күйі із-түссіз жоғалғанын жазып, көрсеткен. Жоғалған келіншекті тез арада табу бойынша Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов тапсырма беріп, бұл жайтты жеке бақылауына алған. Қазіргі таңда Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов бастаған тәжірибелі полицейлер тобы іздестіруде. Сонымен қатар аудандық полиция басқарма, бөлімдерінен де полицейлер жұмылдырылды. Бүгінде жүйелі түрде жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Жас келіншектің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер фото суретімен бірге барлық аумаққа жолданған. Түркістанның полицейлері жас келіншектің баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмыстарын күшейткен. Сондай-ақ тәртіп сақшылары келіп түскен ақпараттар бойынша Жаңақорған ауданы, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестіруде. Қазіргі таңда халықаралық іздеу ісі жарияланды. Іздеуге еріктілер де тартылған. Жалпы айтқанда полицейлер, жас келіншекті тез арада табу жұмыстарын жүргізуде .
Осы тұста, із-түссіз жоғалған Назым Алдашты аман есен тауып, оны отбасына қайтару үшін танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса тез арада полицияға хабарласуларын сұраймыз.
Алдаш Назым Бағдатқызы 22.02.2022 жылы сағат 13:30 шамасында тұрғылықты мекенжайынан ем қабылдаймын деп шығып, бүгінгі күнге дейін қайта оралмаған.
Сондай-ақ, жоғалған келіншектің үстінде ашық қызғыш түсті күртеше, ақ түсті спорттық шалбар, аяғында қара түсті аяқ-киім болған.
Арнайы белгілері: бойы 165-168 см, орта денелі, мойын тұсында қалы бар.
Іздеу жарияланған келіншек туралы қандай да бір ақпарат болса, Сауран АПБ-ның кезекші бөліміне
8 725 33 5 86 50, 8 747 008 74 80
немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыздар.