12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан облысында зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмектесу мақсатында пилоттық жоба іске асуда

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен, ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен Түркістан облысында «Сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету» тақырыбында маңызы зор дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты — Мемлекет басшының Жолдауына қолдау білдіріп, сексуалдық зорлық-зомбылықпен күресу және зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жандандыру.


Бүгінде елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп, оның құрбандарына қолдау көрсету жөнінде тиімді шаралар қабылдануда.
Солардың бірі – Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2022 жылдың 10-сәуірінен бастап іске асып жатқан пилоттық жоба.
Дөңгелек үстел Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ұйымдастырылып, оған Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылары, тергеушілер, Әділет департаменті, , Қоғамдық денсаулық сақтау, Адами әлеуетті дамыту, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі басқармаларының басшылары мен жауапты қызметкерлері, «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігінің және Түркістан қаласында орналасқан «Көмек» дағдарыс орталығының директоры қатысты.
Яғни дөңгелек үстел барысында жаңадан енгізіліп жатқан пилоттық жоба аясында сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына психологиялық, әлеуметтік, медициналық, құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелер қаралды. Сонымен қатар көмек көрсетудің өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді.
Жиын барысында шешілгені, алдағы уақытта зорлық-зомбылыққа ұшырап, дағдарыс орталығына қабылданған әйелдердің ісін, оларға көмек көрсету мен тергеп-тексеруді қажетті мамандар, оның ішінде полиция қызметкерлері сол орталыққа барып, жұмыс атқаратыны шегеленді.
Айта кететін жайт Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2 жыл бұрын сексуалдық зорлық-зомбылық көргендердің ісін тек әйел тергеушілер қарап, істі жүргізуді қолға алған болатын.

Ұқсас ақпараттар

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАРҒА БАРДЫ

smarttop

ЖАҢА САЯСИ РЕФОРМАЛАР ЕЛДІ ДАМУҒА БАСТАЙДЫ

smarttop

ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҰЯЛАТҚАН ФОРУМ

smarttop

Пікір қалдыру