4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ — ҚР ИИДМ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеуде.
Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:
сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
бастапқы жарна: 0 % бастап;
көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.
Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.
Бағдарлама 2022 жылдың сәуір айының соңында іске қосылады.

Ұқсас ақпараттар

КӘСІПКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІНЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЛАНАТЫНЫН ХАБАРЛАЙМЫЗ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ 42 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

smarttop

ТҰРАНДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

smarttop

Пікір қалдыру