10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түркістан полицейлері жолда көлігі бұзылып тұрған шымкенттік әйелге көмектесіп, алғыс алды

Түркістан облысы Полиция департаментінің ЖПҚ Патрульдік полиция батальонының взвод командирі полиция аға лейтенанты Елмұрат Қожасов: «Біздің қызметіміз жалпы жол бойында өтеді. Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігі үшін күні-түні қызметтеміз. Жол қозғалысы ережесінің сақталуын қадағалап, болуы мүмкін жол апаттарының алдын алып жатамыз. Жол ережесін бұзушыларға ескерту беріп, әкімшілік хаттама толтырып тиісті шараларды қолданамыз. Мұндағы біздің мақсат айыппұл салу емес, барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, жүргізушілерді жол ережесін, мәдениетін сақтауға дағдыландыру. Одан бөлек тіпті жол бойында бұзылып тұрған көліктерге көмек көрсетіп, жүргізушілердің үйлеріне аман-есен баруы бағытында жұмыстар атқарамыз. Көбіне көліктердің жанармайы таусылып тұрып қалады, суы қайнап кетеді, доңғалағы жарылып қалады дегендей. Өткенде ғана көлігі бұзылған бір әпкемізге жәрдем бердік. Әрбір жолаушының амандығы — бұл біздің міндетіміз!-дейді. Иә, жолға шыққан жүргізушілер кейде көліктері бұзылып, түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Осындай кезде полицейлер көмек қолын созып, жолда қалғандарға қолғабыс етіп, алғыс алатын кездер де аз емес. Мәселен полиция аға лейтенанты Е.Қожасов айтқан жайттың бірі «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 743-шақырымында болған. Патрульдеуге шыққан полицейлер, аталмыш жол бойында «Hyundai Tucson» маркалы көліктің жүргізушісі көліктің жүксалғышын ашып, көлігін жөндемекші болып тұрғанын байқап қалады. Содан ТО ПД ЖПҚ ППБ-ның аға инспекторы Бекболат Бижанов, қызмет инспекторы Нұрсейіт Аденбаев, взвод командирі Елмұрат Қожасовтар, бірден автокөлік жанына жақындайды. Жүргізуші әйелден жағдайын біліп, қандай да бір көмек керек пе деп сұрайды.
Анықталғандай, жүргізуші әйел көлігінен өзгеше дыбыстар шығып, жүруі қиындаған соң, тоқтаған. Не болғанын біле алмай, өзі көлігін ары-бері қарап шыққан. Оқиғаның мән-жайына қаныққан тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, аталған көліктің бұзылған жерін анықтауға кіріседі. Содан көліктің амортизаторына жолда жатқан темір кіріп, зақым келтіргені белгілі болды. Ал полицейлер осы темірді алу үшін тиісті жөндеу жұмыстарын жасады.

Өз кезегінде көлік жүргізушісі, шымкенттік тұрғын Эльмира: «Жол бойында көлігім бұзылып қалды. Ары-бері зулап көліктер өтіп жатты. Ал полицияның қызметтік көлігі бірден тоқтап, жағдайымды біліп, дереу көмектесті. Өзім Сарыағаштан Шымкентке келе жатқан бетім еді. Алла разы болсын! Осындай қиналғанда қолдау білдіретін жігіттеріміз көп болсын! Жұмыстары алға бассын!»-деп, шынайы ризашылығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ҮЙДІ ЖАЛДАУ АҚЫСЫН СУБСИДИЯЛАУ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ӘКІМ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОСПАРЫНА НЕГІЗСІЗ ӨЗГЕРТУ ЕНГІЗУДІ ТОҚТАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру