30.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды

13.04.2022 жылы кешке, яғни сағат 19:00 шамасында Сарыағаш АПБ-ға Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы, аудандық полиция бөлімі және прокуратураның басшылығы шықты.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкент қаласы бағытына қозғалған. Осы сәтте қарсы беттен «Audi 100» маркалы автокөлік шығып, автобуспен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100» автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерді жолдарда абай болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлерімен «Жеңіс күні» мерекесіне орай жалпыұлттық диктант өтті

smarttop

Қаладағы қоқыс мәселесі ауқымды

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ТАҢБА СЫЗЫҚТАРЫН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

Пікір қалдыру