13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Ішкі істер органдарында 25 жыл қызмет еткен ардагер полицейлер марапатталды

Қарияға құрмет, ерлікке тағзым – қазақтың қанына сіңген асыл қасиет. Аталы сөзі өмірлеріне ұстаным еткен Түркістан облысының тәртіп сақшылары ардагерлердің еңбегін ұлықтап, оларға сый-құрмет жасауды әдетке айналдырған.

Осы орайда Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Ерлан Тасполатов пен Қазығұрт ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағи Жуматуллаев салтанатты шара өткізіп, марапаттау рәсімін ұйымдастырды. Кездесу полиция бөлімінің мәжіліс залында өтті. Аталған іс-шара барысында, ел тыныштығын қорғауда қырағылық танытып, құқықтық тәртіпті заңдылықты нығайтуға қосқан зор үлесі жас қызметкерлерді патриотизмге тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін полиция капитаны Төлеш Жұқабаев пен Ауған соғысының ардагері, полиция старшинасы Тәліпбай Ақылбеков те арнайы құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ Ішкі істер органында абыройлы қызмет аткарып, 25 жыл бойы қауіпсіздікті қатаң күзеткен ардагерлерге алғыс жаудырып, қошемет көрсетті.
Шара соңында сөз алған Төлеш Жұқабаев: «Біздің салада батыр мен батыл, төзімді, адал адам ғана қызмет атқарады. Елінің қамын ойлайтын азаматтардан – тәртіп сақшылары шығады. Осы тұста Қазығұрт АПБ-ның жеке құрам қызметкерлері, сіздерге, алдағы уақытта қиындығы мол жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Әрбіріңіз өз қызметтеріңіздің жемісін көріңіздер!» — деді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢАҚҰРЫЛЫС АУМАҚТАРЫН ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫНДА «СТАНДАРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ!

smarttop

Пікір қалдыру