5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ 50 АДАМ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ

Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 ауылында жауын-шашын салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру бойынша шұғыл әрекет жасалуда. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, олар туыстарының үйлерін уақытша паналауда. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді.
Толассыз жауған жауын әсерінен 53 үйдің ауласына, 18 үй мен 1 мейрамхана, 16 ғимарат ішінде су кірген. Суға кеткен үй жануарларының саны анықталуда.
«Құтқару жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 56 және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері жұмылдырылды. Олар 15 бірлік техника, 11 мотопомпа күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бұдан бөлек, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда», — деді Ерік Темірханұлы.
Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін түнде өңірдегі таулы аймақтарда нөсер жауын күтіледі. Сонымен қатар, облыстың солтүстігі мен батысында, күндіз таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін үдей түспек.

Ұқсас ақпараттар

«Абайлаңыз балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы Сарыағашта

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХVІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

БАҚ ӨКІЛДЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру