8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ФИНЛЯНДИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Мякеляйнен-Буханист Сойлимен кездесті.

Тараптар екіжақты қарым-қатынас пен іскерлік ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Инвестиция тарту – қаланы дамытудағы маңызды бағыттың бірі екенін айтқан қала басшысы заң аясында бекітілген мемлекеттік қолдаумен инвестициялық жобалардың іске асуын қолдауға дайын екенін жеткізді. Сонымен бірге іскерлік кездесу іс жүзінде жемісті нәтиже беретініне сенімді екенін айтты.

Жалпы, сыртқы сауда бойынша Шымкент пен Финляндия арасындағы импорт өткен жылы 1,7 млн. АҚШ долларын құраған болатын. Және Қазақстанда жұмыс істейтін финляндиялық компаниялардың басым бөлігі энергетика, телекоммуникация, транспорт, сауда, ауылшаруашылық, өнеркәсіп салаларында қызмет көрсетуде.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

«БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫНА ОҚЫТУ НАУРЫЗДЫҢ СОҢЫНДА БАСТАЛАДЫ

smarttop

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ 5 КЕЗЕҢІНДЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру