33.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ІV-ШІ СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСКІ ҚАЛАШЫҚТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес тұрғындарға елде жүргізіліп жатқан реформаларды кеңінен түсіндіру, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігін арттыру мақсатында бүгін Әл-Фараби ІV-ші сектор тұрғындарымен кездестік. Мәделі Қожа, Қонаев даңғылының бір беті, А.Байтұрсынов көшесінің бір бөлігі мен «Ескі қала» шағын ауданын қамтитын аумақта 25 мыңға жуық азамат, 112 көпқабатты үй бар. Электр жарығы, ауыз сумен және табиғи газбен 100% қамтылған. Тұрғындармен өткен жүздесуде ағымдағы жылы ІV-ші секторда атқарылатын жұмыс барысын баяндап, 2023 жылға қойылған жоспарлармен бөлістім.
Жыл соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көпқабатты үйдің аулаларына 9 балалар ойын алаңшасы орнатылады. Ал келер жылы жоспарға сәйкес тағы 12 балалар ойын алаңшасы қойылса шағын аудандар қамтылуы бойынша 100%-ға жетеді.
Кездесу соңында ІV-ші сектор тұрғындары сұрақтарын қойып, шешімін қажет ететін мәселелер хаттамаға енгізілді.

 

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДА 39 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ, 85 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫН БОЙЫНША ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

smarttop

БИЫЛ 102 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру