3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай семинар-дәріс өтті

Түлкібас АПБ-ның мәжіліс залында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай «этносаралық және конфессияаралық» келісім тақырыбында семинар-дәріс өтті. Шараның мақсаты — болашағы біртұтас ел, жалпыұлттық, патриоттық идеясының базалық құндылықтары негізінде, қоғамды біріктіру. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметкерлерінің патриоттық сезімін ояту, Қазақстанның көпұлтты халқының тарихы мен мәдениетін құрметтеу. Іс-шараға Түлкібас АПБ-ның жеке құрам қызметкерлері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «қоғамдық келісімі» КММ-нің Түлкібас аудандық филиалының басшысы Асланбек Нұранов, Түлкібас аудандық этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Жұмабек Абилов, Түлкібас аудандық өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Журат Анаров, «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Әділет Палман қатысты.

Шара барысында түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан Қазақстан халқының бірлігі туралы сөз қозғалды. Елімізде өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өзгелерге үлгі боларлық татулығы мен достығы тілге тиек етілді. Тәртіп сақшылары қатарындағы өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасы жайлы сөз болып, олардың патриоттық сезімін ояту мақсатында әңгіме айтылды.
Семинардың соңында жиынға келгендер полиция қыметкерлерін алда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, жылы лебіздері мен тілектерін білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Еңбекші ауданы әкімінің есебі

smarttop

АЭС қолдаушылардың қатары тұрақты өсуде – үш сауалнаманың нәтижесі

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 600-ГЕ ЖУЫҚ ЖАСҚА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру