Smarttop.kz

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында жастармен сабақ өткізілді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Жанна Шалбекова, қоғамда орын алып жатқан түрлі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Жетісай медициналық колледж студенттері арасында семинар-сабақтар ұйымдастырды. Студент жас қыздардың қатысуымен түрлі психологиялық ойындар ойнатты. Сабақ кезінде бүгінгі таңда көптеп орын алып жатқан ерте жүктілік жайттары мен отбасындағы әлімжеттік қылмыстарының жолын кесу мәселесі талқыланды. Сондай-ақ студенттерге қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе осындай келеңсіз жайттың куәсі болған жағдайда жасырып қалмай, бірден полицияға хабар беру керектігі түсіндірілді. Жалпы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған жандарға, көмек беретін мемлекеттік ұйымдар жайында да толыққанды ақпараттар берілді.

Ұқсас ақпараттар

А2 АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ 8-КЕЗЕҢІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

️Мемлекет басшысы:

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «НАУРЫЗ-ДУМАН» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру