13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ІІО-ның ардагері бірнеше отбасыға азық-түлік себетін сыйлады

Қазіргі таңда елімізде түрлі шаралар мен акциялар, қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан табылады. Тәртіп сақшылары да бұл ретте өздерінің үлестерін қосып келеді. Осындай игі шараны Ордабасы аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Ғалымжан Сыздықов ұйымдастырды. Ол жетекшілік ететін ардагерлер кеңесінде 65 зейнеткер бар. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Олар кеңес мүшелерінің ерікті түрде жинаған қаржысына тұрмысы төмен 3 отбасыға азық-түлік апарып табыстады. Қайырымдылық жасаған ардегерлерге тұрғындар алғыстарын білдірді. «Аудандық полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы мен басқа да қызметкерлері, бізді елеп, ескеріп, келгендеріңізге рақмет. Біз сияқты отбасыларға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге тек қана жақсылық тілеймін» — деді. Осы секілді игі шараларды полицейлер бұған дейін де жасап келеді. Және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Тәртіп сақшылары қоғамның тыныштығын қамтамасыз етіп қана қоймай, әрдайым халықтың шын мұқтажына да қол ұшын беруде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 262 МИЛЛИОН ЛИТР СУСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНУДА

smarttop

ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ЫНТЫМАҚ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ ЕМХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

ТЕКЕСУДА САПАЛЫ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру