18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

«МИРАСТА» БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Еңбекші ауданына қарасты Мирас шағын ауданында 8 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Шағын ауданда 10 балабақша бар.

Ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Ал биыл кәріз жүйесінің құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды.

39 көшенің 16-сы асфальтталған, қалғанына шағал тас төселген. 2024 жылы -Шапағат, Гүлстан, Жаужұмыр, Жаушықұм, Жетітөбе, Алтынтау, Өтеген, Тұлпар, Желдіқара, Алтынайдар, Барсығанкөл көшелеріне, 2025 жылы – Дарын, Азаттық, Өркен, Әлем, Көкбұлақ, Маятас, Ескіөзен, Бүркіт, Алтын су, Каскасу, Шоқтал, Өтегенбұлақ көшелеріне асфальт төселеді.

Екі көше жарықтандырылған. 2023-2025 жылдары 6 көшеге жарықшамдар қойылады. Олардың қатарында Жаңа жол, Дербес, Қаскасу, Азаттық, Өркен, Мәртөбе көшелері бар.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: 13 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ АРЫҚТАР САЛЫНУДА

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУ БАСҚАН АУМАҚТАРЫН ТІКҰШАҚПЕН АРАЛАДЫ

smarttop

«Қариялық – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі»

smarttop

Пікір қалдыру